20 игі іс

Облыс орталығына саяхат

«20 игі іс» акциясы аясында Жамбыл ауданының соғыс, еңбек ардагерлері облыс орталығына экскурсияға келді. Бұл мүмкіндікке 20 зейнеткер ие болды. Олар «Қызылжар» орталық мешітін, «Абылай ханның резиденция» мұражай-кешенін және қаланың өзге де көрікті жерлерін аралады.

Бұл ардагерлердің мұражаймен алғаш танысуы. Мұндай мүмкіндік әркімге тие бермейтіні анық. Экскурсияға қатысушылардың ең үлкені 91 жаста болса, ең жасы – 65-те. Олардың әрқайсысы облыстың дамып, өркендеуіне өз үлесін қосқандар.

Амангелді Абылғазин, Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Аудан әкімінің қолдауымен 20 ардагер облыс орталығының көрнекті жерлерін аралауға келіп отыр. Бұл 20 ардагердің ішінде 4 соғыс ардагері бар,  мұғалімдер, 10 адам еңбек ардагерлері.  

Мұражай қызметкерлері ардагерлерді Абылай ханның ерліктері, қазақ хандығының құрылу кезеңі және 3 жүздің қалыптасу тарихымен таныстырды. Ардагерлер әр мағлұматты мұқият тыңдауға тырысты. Өйткені елдің тарихы – бай қазына дейді олар.

Сәркен Дүйсенбеков, еңбек ардагері:
– Мұражайда ата-бабамыздың тарихын, кейінгі ұрпаққа қалдырған мүліктерін көрдік. Соны көріп қуандық.  Бұл біздерге, қарттарға өте ғажап болды.

Сәркен Дүйсенбеков 33 жыл бойы Жамбыл ауданында зоотехник болып қызмет етіпті. Ол ардагерлерге құрмет көрсетіп, түрлі шаралардан тыс қалдырмайтын кейінгі ұрпаққа алғысын білдірді.

 Инеш Шоқақова