Күннің екінші жартысында Мәжіліс депутаттары Қозыбаев университетінің жаңа корпусының құрылысымен танысты.
11 қабаттан тұратын нысанның қазығы 2020 жылдың мамыр айында қағылды. Оқу корпусы биыл қыркүйек айында қолданысқа тапсырылуы тиіс. Мұнда студенттер 4 бағытта білім алады. Атап айтсақ, инженЕрия, агроөнеркәсіп, ғылым және медицина. Аталған салалар бойынша алдағы уақытта оқу ордасы Аризона университетімен тығыз жұмыс істейді. Осы ретте халық қалаулылары жергілікті оқытушылардың білім-біліктілігін сұрастырды.
Ерлан Шуланов, Қозыбаев университетінің ректоры:
– Әрине, оқытушылардың барлығы бірдей жоғары деңгейде білім бере алады деуге келмес. Дегенмен, жаңа бағыт болғаннан кейін формат та өзгереді. Біздің мамандардың арасында мұндай тәжірибелі ұстаздар баршылық.
Алдияр Айтпаев