Маңызды Мәдениет

№17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде Амал мерекесі аталып өтілді

Қыстан аман-есен шыққан солтүстікқазақстандықтар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде де Амал мерекесі аталып өтті.

Білім ошағына оқушыларды, ұстаздарды әз-Наурыздың алғашқы күні – Көрісу мейрамымен құттықтауға «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының өкілдері келді. Меймандар арнайы ұйымдастырылған іс-шара барысында бүгінгі мерекенің шығу тарихын баяндап, салт-дәстүрлер жайлы әңгімеледі. Соның бірі – тұмар әзірлеу. Ежелде ата-бабамыз Амал мерекесінде тіл-көзден аман болсын деген ниетпен көзмоншақ дайындап, жақындарына тарту еткен екен. Бұл жолды 15 оқушы жалғады. Олар өз қолдарымен ерекше бұйым тікті.

Гүлбақша Мұсабаева – «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» ҚБ төрайымы:

– Жалпы, республика көлемінде 7 күн байы Наурыз мерекесіне орай осындай іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондықтан, балалар бүгіннен бастап ұлттық киім киюде. Оларға ұлттық тағамдарды қалай әзірлеу қажеттігі де үйретіледі. Ұлттық қолөнер бұйымдарын да жасайды.

Эльмира Садвокасова