Білім

Шығармашыл педагогтарды қолдау аясында шеберлік сағаты өткізілді

Ауыл мұғалімдерін қолдау! “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының жергілікті филиалында шеберлік сағаты өткізілді.

Ауыл мұғалімдерін қолдау! “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының жергілікті филиалында шеберлік сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасын теңестіру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, елді мекендегі мұғалімдерге қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуларына мүмкіншілік жасау жайлы да сөз қозғалды. Айта кету қажет, бұл шеберлік сағаты “Ауыл мектебі – ел бесігі” жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Гүлзат Әлжанова, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша КДИ аға оқытушысы:

– Аталған іс-шара облыстың білім беру ұйымдарының педагогтарын кәсіби түрде қолдау, үздік педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату, ауыл мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру және шығармашыл мұғалімді анықтау мен қолдауға негізделді. Педагогтарымыз шеберліктерін көрсету барысында пәнді оқыту аясындағы тәжірибелерімен бөлісе отырып, көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың өзіндік ұстанымдарын, мәтіндегі автор бейнесін ашу, мәтін арқылы оқылым дағдысын дамыту мәселелері туралы өзіндік шеберліктерін дәлелдей түсті.

Эльмира Садвокасова